Өзіне қол жұмсамақ болған Мөлдір Бекееваның ісін Президент бақылауға алды

Өзіне қол жұмсамақ болған Мөлдір Бекееваның ісін Президент бақылауға алды

Өзіне қол жұмсамақ болған Мөлдір Бекееваның ісін Президент бақылауға алды
ашық дереккөзі
Шымкент қалалық Полиция департаментінің бұрынғы баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның ісін Президент бақылауына алды. Бұл туралы Мөлдір Бекеева Facebook-тегі парақшасында жариялады деп хабарлады turkystan.kz. «Қадірменді қауым, менің арызым бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Қ.Дәлбековке қарсы қозғалған қылмыстық іс «негізсіз» қысқартылып кеткенін білесіздер! Бұл жайттың Мемлекет басшысының тікелей бақылауына алынғаны туралы қазір маған жеделхат келді!», – деп жазды ол. Айта кетейік, Мөлдір Бекеева сәуір айында әлеуметтік желіде жариялаған қоштасу постында жаңа басшының қысымынан кейін қызметінен кеткенін жазған болатын. Онда Шымкент қалалық Полиция департаментінің бұрынғы баспасөз хатшысы өзіне жалған айып тағылып, қылмыстық іс қозғалғанын тілге тиек еткен. Осыдан кейін өзіне қол жұмсаған Мөлдір ауруханаға жеткізілген еді. Бірнеше ай бойы жағдайы ауыр деп бағаланды. Кейін ол осы мәселе бойынша әділдік сұрап Президентке хат жолдаған.