Алдағы айда вирус жұқтырғандардың тәуліктік өсімі 4 мың болуы мүмкін

Алдағы айда вирус жұқтырғандардың тәуліктік өсімі 4 мың болуы мүмкін

Алдағы айда вирус жұқтырғандардың тәуліктік өсімі 4 мың болуы мүмкін
ашық дереккөзі
Мұндай болжамды елдің бас санитарлық дәрігері мәлімдеді. Айжан Есмағамбетованың айтуынша, өткен аптада вирус жұқтырғандар саны екі жарым есе өскен деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. Бір тәулік ішінде ауырғандардың 70 пайызы Нұр-Сұлтан мен Алматыда тіркеліп жатыр.
«Қаңтарда вирус болмады деп айту дұрыс емес. Ол кезде де індет жұқтырғандар көп тіркелді. Жүктеме ауыр болды, дегенмен 2020 жылдың маусымындағы жағдай байқалмады. Егер індет қайта өршісе, емдеу тәсілі өзгерген жоқ. Алдағы болжам көңіл көншітпейді. Дегенмен әр азамат өз денсаулығы үшін сақ болуы керек», - деді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова.