Үкіметте Абай облысының түйткілді мәселелері қаралды

Үкіметте Абай облысының түйткілді мәселелері қаралды

Үкіметте Абай облысының түйткілді мәселелері қаралды
ашық дереккөзі
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен жаңадан құрылған өңірдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени даму мәселелері бойынша үкіметтік кеңес өтті деп хабарлады turkystan.kz. Оған энергетика, білім, денсаулық сақтау, индустриялық және инфрақұрылымдық даму, ауыл шаруашылығы, еңбек және әлеуметтік қорғау, мәдениет министрліктерінің өкілдері қатысты. Кеңеске қатысушылар 3-ЖЭО, сондай-ақ жаңа медициналық мекемелер – көпбейінді балалар ауруханасы, қан құю станциясы, инфекциялық аурулар ауруханасы, типтік емханалар мен медициналық университет клиникасының құрылысы мәселелерін талқылады. Үкімет Абай облысында көлік қатынасын дамытуға жәрдемдесуге уәде етті. Келесі жылы жаңа теміржол маршруттарын ұйымдастыру жоспарлануда, Семейден Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына авиарейстерді ұлғайту мәселесі шешілуде.  width= Кеңес барысында Қазақстан Республикасының «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына өзгерістер енгізу туралы мәселе көтерілді. Абай облысының әкімдігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына ұлттық мәртебе беріп, оны толыққанды ғылыми-зерттеу орталығына айналдыруды ұсынды. Елеусіз қалмаған мәселелердің қатарында – Семейде де, облыс аудандарында да мектептер мен балабақшалардың құрылысы.
«Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев атап өткендей, білім беру мекемелері үшін қаражатқа қосымша қажеттілік бар. Тиісті талдау жүргізілді. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары ерекше назар аударуды қажет етеді» деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.
Сондай - ақ, талқыланған тақырыптар арасында - суармалы жерлерді ұлғайту бойынша жобаларды қолдау, Курчатов қаласының даму перспективасы.
«Барлық айтылған ұсыныстарды қарқынды әрі жылдам іске асыру қажет. Олардың барлығы премьер-министрдің бақылауында. Жаңа облыстарға ерекше назар аудару қажет» деп атап өтті ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр.