Жол құрылысының сапасы депутаттар бақылауында

Жол құрылысының сапасы депутаттар бақылауында

Жол құрылысының сапасы депутаттар бақылауында
ашық дереккөзі
Бүгін Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Снежанна Имашева Орал қаласының Әбілқайыр хан даңғылындағы магистральді жолдарға жасалып жатқан жөндеу жұмыстары барысымен танысты деп хабарлады turkystan.kz. Депо көпірінен Сырым Датов көшесіне дейінгі үш шақырымдық жол төсемін жөндеу бірнеше кезеңнен тұрады, жолдың өзі 5 учаскеге бөлінген. Мердігер ұйымның директоры, Орал қалалық мәслихатының депутаты Жанна Кенжинаның айтуынша, қазіргі уақытта асфальт жабынының жоғарғы қабаты учаскелерінің бірінде жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде 1,6 шақырым жолды жөндеу жұмыстары аяқталды. Кепілдік мерзімі - 5 жыл. Ескі асфальтты жергілікті билік бұған дейін ешқашан асфальт төселмеген қаланың шетіндегі көшелерге салуды жоспарлап отыр.  width= Өз кезегінде, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева бұл халықтың көкейінде жүрген маңызды мәселелердің бірі екенін айтты.
- Сайлау науқаны кезінде халыққа мектеп, аурухана ғимараттарын заман талабына сай жасақтап, қала көшелеріндегі жолдарды ретке келтіру туралы уәде берілген болатын. Әбілқайыр хан даңғылы - осындай нысандардың бірі. Сондықтан оған ерекше ден қойылып, сапасына баса назар аударуымыз қажет. Біз өңірлерге сапар барысында сайлауалды бағдарламаның орындалуын қадағалаймыз. Мердігерлермен де әңгімелесіп, проблемалық сұрақтарға назар аударамыз. Өйткені, межелеген уақытта жұмысты жоғары деңгейде орындау мердігер компаниялардың құзырында. Қазір құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жоспарлаған қаражаттың жетіспеушілігі байқалады, бастапқы сметаға сәйкес келмейді, қосымша қаржыландыру көздерін іздестіруге тура келетін жағдайлар бар, - деді депутат.
Сондай-ақ, Снежанна Имашева бірнеше күн ішінде облыстың бірқатар аудандарына барып, әлеуметтік нысандарды, инженерлік коммуникацияларды жөндеу және құрылыс барысымен танысып, тұрғындардың тілектері мен өзекті мәселелерін тыңдады. Кейбір өтініштер мен ұсыныстар жергілікті және республикалық деңгейдегі уәкілетті органдар алдында көтерілетін болады.