Елена Рыбакина: Мен – Қазақстан азаматымын

Елена Рыбакина: Мен – Қазақстан азаматымын

Елена Рыбакина: Мен – Қазақстан азаматымын
ашық дереккөзі
«Уимблдон» финалында жеңіске жетіп, чемпион атанған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина елге оралды. БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз жиынына қатысып, журналистердің сұрағына жауап берген спортшы тұрғылықты жері жайында сөз қозғады деп хабарлады turkystan.kz. Спортшының айтуына қарағанда, қазір жаттығуы мен жарыстарының көп болуына байланысты әзірге ешбір жерде тұрақты түрде қоныстанбаған. «Мен  – Қазақстан азаматымын. Бұған дейін де айтқан болатынмын. Өкінішке қарай, шамамен екі жыл болды, ешбір жерде тұрақты түрде тұрмаймын. Апта сайын бір қонақ үйден екіншісіне көшіп жүруге мәжбүрмін. Бірде жаттығуда болсам, енді бірде жарыстарда жүремін. Сондықтан да тұрақты үйім бар деп айта алмаймын», – деді Елена Рыбакина.