Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті деп хабарлады turkystan.kz. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 8,12 теңгеге көтерілді. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 473,38 теңге. Ұлттық банктің 12 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 464,85 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 473 теңге, сатып алу – 477,50 теңге. Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 472 теңгеден болса, сатып алу құны – 475,50 теңге. Айта кетсек, кеше Қор нарығында доллар 9 теңгеге арзандаған еді.
Жүктелуде...