Халық саны қарқынды өсіп келе жатқан елдер аталды

Халық саны қарқынды өсіп келе жатқан елдер аталды

Халық саны қарқынды өсіп келе жатқан елдер аталды
ашық дереккөзі
БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаментінің болжамынша, 2022 жылғы қарашада әлем халқы 8 млрд адамға жетеді деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Ұйым дерегіне сүйенсек, қазір әлем халқының өсу қарқыны баяулаған. 2020 жылы жаһандық өсім 1950 жылдан бері алғаш рет жылына 1%-дан төмен түсті. БҰҰ болжамы бойынша, 2030 жылы әлем халқының саны 8,5 миллиардқа жетуі мүмкін. 2050 жылға қарай жер тұрғындарының саны 9,7 миллиардқа, ал 2100 жылға қарай 10,4 миллиардқа жетеді.
«Бұл маңызды кезең планетаға қамқорлық жасаудағы ортақ жауапкершілігімізді еске салады. Енді бір-біріміздің алдындағы міндеттемелерімізге қай жерде әлі де жетпей жатқандығымыз туралы ойланатын кез келді. Бұл біздің әртүрлілігімізді атап өтуге, ортақ адамзатты мойындауға және денсаулық сақтау саласындағы өмір сүру ұзақтығының артуына, ана мен бала өлімінің айтарлықтай төмендеуіне себеп болған жетістіктерге тамсанатындай себеп», - деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.
БҰҰ 2050 жылға қарай әлем халқының болжамды өсімінің жартысынан көбі Конго Демократиялық Республикасы, Египет, Эфиопия, Үндістан, Нигерия, Пәкістан, Филиппин және Танзанияны қоса алғанда, тек сегіз елде шоғырланады деп есептейді. Сондай-ақ, шамамен 2027 жылы Үндістан Қытайды басып озып, әлемдегі халқы ең көп тығыз қоныстанған ел болады деп болжануда.