Мәскеуде жемқорлық қылмысы бойынша күдікке ілініп, халықаралық іздеуде жүрген Болат Алтынбеков ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметі бойынша, ведомствоның елордадағы департаменті күдікті Болат Алтынбековке 2010 жылдан бастап халықаралық іздеу жариялаған. Халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресейдің құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және ҚР ІІМ Интерполмен бірлесіп, Мәскеу қаласында Алтынбековті ұстап, қамауға алды, - деп жазылған хабарламада. Ол тергеу органдарынан жасырынып, аты-жөнін «Алшер» деп өзгертіп алған. Енді ол Қазақстанға экстрадицияланады. Болат Алтынбеков "Астана Трейд Интернешнл" құрылыс компаниясын басқарған болатын.
Жүктелуде...