Таразды түтін басты (ВИДЕО)

Таразды түтін басты (ВИДЕО)

Таразды түтін басты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Тараздағы «Қазфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытынан шыққан қою түтін қалаға тарады деп хабарлады turkystan.kz. Тараз әкімдігі бұл жағдайға зауыт «жауапты» екенін алға тартты. Алайда басқа химиялық заттар бойынша да нормалар артқан.
«Сағат 20.00-де «Қазфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытында бір реттік шығарылым болды. Алдын ала талдау нәтижелері бойынша, фторлы қосылыстар көрсеткіші біршама артқан. Зауытпен қаланың санитарлық шекарасында азот сияқты басқа заттардың шамадан тыс мөлшері анықталған жоқ. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша экологтар, ТЖД мамандары және басқа да жауапты тұлғалар енген жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет басқарады», – деді ведомство өкілдері.