Ақмаялықтарды жол мәселесі алаңдатып отыр

Ақмаялықтарды жол мәселесі алаңдатып отыр

Ақмаялықтарды жол мәселесі алаңдатып отыр
ашық дереккөзі
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, AMANAT партиясы фракциясының мүшелері Бақытбек Смағұл мен Геннадий Шиповскихтің Сыр өңіріндегі жұмыс сапары Шиелі ауданына қарасты Ақмая ауылдық округінде жалғасты деп хабарлады turkystan.kz. Мұнда депутаттар жергілікті тұрғындарды алаңдатқан өзекті мәселелермен танысты. Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік  маңызды бастамалар турасында әңгімеледі. Ақмая ауылдық округінде 3000 мыңға жуық тұрғын бар. Жергілікті халық, негізінен, егін және мал шарушылығымен айналысады. Егістік жерлерінің басым бөлігі «Батыс-Қытай – Батыс-Еуропа» дәлізінің арғы бетінде қалған ауыл тұрғындары егін мен мал азығын тасымалдағанда көршілес ауданға қарасты ауыл мен аудан орталығынан айналып өтуге мәжбүр.  Уақытты айтпағанда, бұлай қатынаудың шығындары да шашетектен.  width= Ел тұрғындарының өтінішін тыңдаған Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл бұл мәселе бойынша құзырлы органдармен нақты жұмыс жасалғандығын, жақын арада  түбегейлі шешімін табатындығын атап өтті. Кездесу барысында жер мәселесі де сөз болды. Мәселен, ауыл ақсақалы Асқар Жұмаділов ауыл тұрғындарына пай үлесіне берілген жерлер қалаға көшіп кеткен азаматтардан қайтарылып алынып, жергілікті халыққа пайдалануға берілсін деген ұсынысын жеткізді. Тақырып төңірегінде мәжілісмен Геннадий Шиповских AMANAT партиясы жанынан арнайы құрылған «Жер аманаты» комиссиясының жұмыс нәтижесінде  бүгінде  140 мың гектарға жуық пайдаланаусыз жатқан жайылымдық жерлер мемлекет меншігіне қайтарылғанын, бұл жұмыстар барлық өңірлерде қолға алынатынын айтты.
- Бұдан бөлек, «Жер аманаты» жедел желісі жұмыс істейтін болады. Еліміздің кез келген тұрғыны жедел желіге қосылып, өзінің сауалына жауап ала алады. Жер мәселесі AMANAT партиясының тікелей бақылауында тұр,- деді депутат.
Сонымен қатар кездесу барысында жұмыссыздыққа, әйел азаматтардың зейнет жасына қатысты сұрақтар көтеріліп, нақты жауап алынды.