467 млн теңге жымқырған құрылыс компаниясының басшысы ұсталды

467 млн теңге жымқырған құрылыс компаниясының басшысы ұсталды

467 млн теңге жымқырған құрылыс компаниясының басшысы ұсталды
ашық дереккөзі
Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» ММ-ның лауазымды тұлғалары мен «Техника-Рем строй» ЖШС-ның басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуді аяқтап, істі сотқа жолдады деп хабарлады turkystan.kz. Анықталғандай, тергеу жұмыстары әлеуметтік объектілердің, мектептің, 2 отбасылық дәрігерлік амбулаторияның, сондай-ақ спорттық-сауықтыру кешені құрылысына бөлінген аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қозғалған.
«Анықталған ақша жымқыру көлемі 467 млн теңге болып отыр. ЖШС-ның басшысына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Серіктестіктің 79 млн теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды», – делінген агенттік хабарламасында.
Ал Атырау облысы Құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына және   тағы да бір тапсырысшыға қатысты «үйқамақта ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.