Қазақстанда қарақұмық бағасы қымбаттады

Қазақстанда қарақұмық бағасы қымбаттады

Қазақстанда қарақұмық бағасы қымбаттады
ашық дереккөзі
Биыл қаңтар-мамырда елімізде дәнді дақылдардан 44,8 мың тонна жарма мен ұн өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 7,4 пайызға көп деп хабарлады turkystan.kz. Energyprom.kz мәліметі бойынша, өндірістің 29,8 пайызы Павлодар облысына тиесілі. Көшбасшылар үштігінде Қарағанды (8,8 мың тонна) және Шығыс Қазақстан (8,5 мың тонна) облыстары да бар. Қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар бір жыл бұрынғыдай жармаларға сұранысты 93 пайызға қамтамасыз етті. Импорт үлесі тиісінше 7 пайызды құрады: Қазақстанға 2,5 мың тонна жарма әкелінді. Қазақстан төрт айдың ішінде сыртқы нарыққа 3,3 мың тонна жарма жіберді.
«Қарақұмық жармасы қазақстандықтар арасында ең үлкен сұранысқа ие болды. Елімізде  қарақұмықты тұтынуы ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жан басына шаққанда 1,5 кг құрады», - делінген хабарламада.
Бір жылда қарақұмық жармасының бағасы 33% қымбаттады.