ЕҰУ-да 1200-ден астам студент «алтын» дипломға ие болды

ЕҰУ-да 1200-ден астам студент «алтын» дипломға ие болды

ЕҰУ-да 1200-ден астам студент «алтын» дипломға ие болды
ашық дереккөзі
50435
Биыл «Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ түлектерінің саны өткен оқу жылымен салыстырғанда 15 пайызға артты. 5 600-ден астам жас маман ұлттық ЖОО-ның өзіндік үлгісіндегі дипломын алды, 350-ге жуық түлек ЕҰУ колледжінде 6 мамандық бойынша оқуын сәтті аяқтады. Еуразия ұлттық университеті 2021-2022 оқу жылының қорытындысын шығарды. Биыл оқу ордасы қабырғасында бакалавр академиялық дәрежесімен 4 448 жас маман және 1 175  магистр даярланды. Бакалавриат түлектерінің 44 пайыз техникалық мамандықтарды игерді. 1200-ден астам студент оқуларын үздік аяқтап, «алтын» дипломға ие болды. Өткен жылдың соңында ЕҰУ жоғары білім туралы құжаттың дизайнын әзірлеу бойынша конкурс өткізді. Оның нәтижесінде 2022 жылдан бастап университетті үздік бітірген түлектерге «алтын»  түстегі дипломдар табыс етіледі. Құжатта В5 форматындағы халықаралық стандарттың ерекшелік белгісі бар және арнайы QR кодымен көшіруден қорғалған. Дипломдар университеттің  өз баспаханасында дайындалады. Биыл университет жаңа мамандықтар бойынша 17 инновациялық білім беру бағдарламасын меңгерген алғашқы кадрлардың легін даярлады. Түлектер цифрлық медиа менеджменті, IT – менеджментті, IT – аудитті, желілік заңгер мамандығын, цифрлық криминалистиканы, әділет жүйесіндегі әлеуметтік жұмысты, кәсіпорындардағы компьютерлік жүйелер мен желілерді әкімшілендіруді, басқаруды және қорғауды, криптологияны, ғимараттар мен құрылыстарды энергия тиімді жобалауды, экологиялық аудитті меңгерді. Жаңа оқу жылында ЕҰУ «Медиа өнер», «Қала құрылысын жоспарлау және кадастр», «Жоғары технологиялық өндірістерді киберфизикалық автоматтандыру», «Білім берудегі тьютор» тәрізді жеті жаңа білім беру бағдарламасын іске асыруды жоспарлап отыр. Биыл қос диплом бағдарламасы бойынша 8 шетелдік азамат ЕҰУ дипломын алады. Олар университетте экономикалық ғылымдар, ақпараттық қауіпсіздік, менеджмент және педагогиканы оқыды. Ал ЕҰУ-дың 18 магистранты мен 15 студенті халықаралық университеттерде филология, халықаралық құқық, география, халықаралық қатынастар, экономика, IT бағыттар бойынша ынтымақтастық бағдарламасы негізінде білім алды. Ширек ғасырда университетте 70 000-нан астам маман білім алды. Бүгін Л.Гумилев атындағы ЕҰУ түлектері билік органдарында, ірі отандық және шетелдік компанияларда, ұлттық корпорацияларда жауапты қызметтерде еңбек етеді. Сонымен қатар, қазіргі күні ЕҰУ қабырғасында 2022-2023 жылғы оқу жылына қабылдау науқаны жүріп жатыр. Бүгінде шығармашылық емтихандар өткізілуде. 13-20 шілде аралығында білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға құжаттар қабылданады.

Серіктес жаңалықтары