Әуе билетінің бағасы қымбаттауы мүмкін

Әуе билетінің бағасы қымбаттауы мүмкін

Әуе билетінің бағасы қымбаттауы мүмкін
ашық дереккөзі
Әлемде жанармай бағасы көтерілген сайын әуе билетінің бағасы да көтерілуі мүмкін деп хабарлады turkystan.kz BBC News-ке сілтеме жасап.
 «Ұшу тұтынушылар үшін қымбатқа түсетіні сөзсіз, мұнайдың жоғары бағасы билет бағасының қымбаттауына әкеледі», - деді халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) бас директоры Вилли Уолш.
Жанармай бағасы бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтеріліп, авиакомпаниялардың ең үлкен шығынына айналды. Мұнайдың жоғары бағасы тұтынушыларға билет бағасының қымбаттауы түрінде ықпал етеді. Демалушылар әуе жолының құны қымбаттайтынына дайын болуы керек. Мұнай бағасы коронавирус пандемиясынан қалпына келе бастаған елдерде сұраныстың артуына байланысты өсуде. Сонымен қатар АҚШ және Ұлыбритания, ЕО елдерінің ресейлік мұнай импортын кезең-кезеңімен тоқтату жоспарлары басқа өндірушілерден мұнайға сұраныстың артқанын білдіреді. Бұл өз кезегінде бағаның өсуіне әкелді.