Елімізде 900 мың теңге жалақыны кімдер алады?

Елімізде 900 мың теңге жалақыны кімдер алады?

Елімізде 900 мың теңге жалақыны кімдер алады?
ашық дереккөзі
2022 жылғы маусымда электронды еңбек биржасында 124,6 мың бос жұмыс орны және 59,9 мың түйіндеме орналастырылды. Өткен аймен салыстырғанда бос орындар саны 1,5 есе, ал өзекті түйіндемелер саны 31%-ға артты. Бұл туралы turkystan.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
«Бос жұмыс орындары санының күрт өсуі барлық өңірде бар, бірақ ең көбі Ақтөбе (2,5 есе) және Жамбыл (3 есеге жуық) облыстарында байқалып отыр. Нәтижесінде аталған өңірлер бос жұмыс орындары бойынша бірінші орынға шықты (тиісінше 12,9 мың және 12 мың бос жұмыс орны). Қарағанды облысы да бос жұмыс орындары бойынша алдыңғы қатарға жайғасты (12,6 мың). Бұл ретте Батыс Қазақстан облысында кәсіпорындар мен фирмалардың ұсынысы 5,8%-ға – 3,3 мың бос орынға дейін азайды. Сондай-ақ ұсынылатын жұмыс орындарының ең аз саны Шымкент қаласында – 3,5 мың және Маңғыстау облысында-3,1 мың бос орын», – деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Басқарушы директоры Александра Молчановская.
Келесі мамандықтарға ең жоғары жалақы төленеді: Өндірісті дайындау бойынша инженердің көмекшілері – 5 млн теңге; Дыбыс режиссерлері – 2,1 млн теңге; Инвестициялық жобалар бойынша директорлар – 1,9 млн теңге; Гуманитарлық ғылымдар саласындағы ЖОО профессорлары – 1,8 млн теңге. ЭЕБ-да ұсынылған ең жоғары ақы төленетін бос жұмыс орындары риэлторлар (орта есеппен 900 мың теңге), бас құрылысшылар (824 мың теңге) және объективті бақылау жөніндегі инженерлер (800 мың теңге).