Құрбан айттың бірінші күні 47 мыңға жуық мұқтаж отбасыға ет берілді деп хабарлады turkystan.kz Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Құрбан айттың алғашқы күні, яғни, 9 шілдедегі мәлімет бойынша республика көлемінде жалпы саны 14 435 мал шалынса, 2600-ге жуық тапсырыс qurban2022.kz сайты арқылы берілген. Тарқатып айтқанда, қой – 12 786, ешкі – 845, ірі қара – 796, түйе – 8. Барлық мәліметті жинақтап айтқанда, еліміз бойынша 46 807 отбасыға құрбандық еті таратылды. «Еске сала кетсек, онлайн форматта құрбан шалуға qurban2022.kz сайты арқылы тапсырыс беру айттың үшінші күні, яғни, ертең сағат 16:00-ге дейін жалғасады», - делінген хабарламада.
Жүктелуде...