Елордада Құрбан айттың құрметіне спорттық сайыс өтті

Елордада Құрбан айттың құрметіне спорттық сайыс өтті

Елордада Құрбан айттың құрметіне спорттық сайыс өтті
ашық дереккөзі
Әлемнің ең көрікті 10 мешітінің қатарына кіретін елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің аумағында қалалық спорт басқармасы, Құрбан айт мерекесіне орай жамағат арасында ұлттық ойын түрлерінен спорттық сайыс ұйымдастырды деп хабарлады turkystan.kz. Құрбан айттың бірінші күні республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы уағыз айтып, жамағатпен бірге айт намазын оқыды.
«Қасиетті Құрбан айт – мұсылман жұртшылығының ұлық мерекесі. Айт – сөзі «әл-ғиду» сөзiнен шығып, мереке, мейрам, қуаныш деген мағыналарды білдіреді. Қасиетті «Құрбан айт» күні мұсылман адам айт намазын оқып, құрбан шалып, айт мерекесімен өзгелерді құттықтап, қайырымды істер атқаруға тырысады. Бұл күндерді ұлықтап, адамдарға қуанышты көңіл-күй сыйлау – тақуалық белгілерінен», – деді Бас мүфти.
Еліміздегі зәулім мешітке жиналған жамағат Бас мүфтимен бірге елдің амандығы, тыныштығы үшін дұға тілеп, құрбан шалуға ниеттенді. Бұдан кейін ҚМДБ Төрағасы мешіт ауласында өткізіліп жатқан асық ату, арқан тартыс, қол күрес және гір тасын көтеру сыңды спорт түрлерінің куәсі болды.
«Құрбан айт» мерекесіне арнайы ұйымдастырылатын спорт шарасының негізгі мақсаты – мешіт жамағаты арасында дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар Исламның дәстүрлі емес ағымының жетегінде жүрген жандарға асыл діннің оң жолын көрсету арқылы оларды бауырға тарту», - деді ұйымдастырушылар.