Президент Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады

Президент Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады

Президент Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакинамен телефон арқылы сөйлесіп, оны тарихи жетістігімен құттықтады деп хабарлады turkystan.kz БОРТ №1 Телеграм-арнасына сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Еленаның асқан шеберлігінің, жеңіске деген ерік-жігерінің және оның кортта өзін ұстау мәдениетінің жоғары екенін атап өтті. Президент көрнекті спортшыны Қазақстан туы астында сәтті өнер көрсеткені және халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатқаны үшін алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаның жарқын жеңісі Қазақстан теннисін одан әрі дамытуға, спорттың осы түріне балалардың көптеп тартылуына ықпал етеді деп санайды.