Көлгінов балаларының оқу орнына қатысты ақпаратқа жауап берді

Көлгінов балаларының оқу орнына қатысты ақпаратқа жауап берді

Көлгінов балаларының оқу орнына қатысты ақпаратқа жауап берді
ашық дереккөзі
Елорда әкімі Алтай Көлгінов балалары жылына бірнеше миллион теңгеге жеке мектепте оқиды деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы ол журналист Асхат Ниязовқа берген сұхбатында айтты деп хабарлады turkystan.kz.
 «Мен мұны жоққа шығарамын. Ол сюжетті көрдім. Бірақ тексерілмеген ақпаратты БАҚ-та жариялауға болмайды. Менің балаларым ақысы 7 млн теңге тұратын мектепте оқымайды. Балаларым басқалар сияқты қалалық мектеп-лицейге барады. Үлкен қызым грантта, ал екінші ұлым ақылы бөлімде оқиды. Қалған балаларым балабақшада. Бұл жерде жеке мен қызметті ажырата білу керек. Балаларым жеті миллион теңгелік мектепке бармайды. Менің жалақым ондай емес», - деді Көлгінов.
Ол қанша жалақы алатынын да ашық айтты. Бүгінгі таңда оның айлығы 1 млн 900 мың теңгені құрайды.