Сенбі, 1 Сәуір, 2023

Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 44-орында тұрған аустралиялық Айла Томляновичпен кездесті.

Бірінші партия барысында алға кеткен аустралиялық теннисші сол басымдылығын сақтай алды – 6:4.

Екінші сетте Елена Рыбакина есе қайырды – 6:2.

Үшінші, шешуші партияда да қазақстандық спортшы қарсыласына дес бермеді – 6:3.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Е.Рыбакина 15 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.

Осылайша, отандасымыз қазақстандық теннисшілер арасынан алғаш рет Уимблдон турнирінің жартылай финалына өтті. Ол финалға шығу үшін әлемнің 18-ракеткасы, «Үлкен дулыға» жарысының екі мәрте жеңімпазы, румыниялық Симона Халеппен таласады.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button