Қазақстанда McDonald's мейрамханалар желісі жұмысын тоқтатты деп хабарлады turkystan.kz. Желіде танымал фаст-фуд мейрамханалардан тапсырыс беру немесе онда тамақ сатып алу мүмкін емес екені туралы шағымдар жарияланған. McDonald's желісінің Instagram-парақшасында мейрамханалар қазір жұмыс істемейтіні туралы ақпарат расталды.
«McDonald's мейрамханалары техникалық себептерге байланысты уақытша жұмыс істемейді. Мейрамханалар қайта қашан жұмыс істейтінін алдағы уақытта хабарлаймыз», – делінген компанияның ресми хабарламасында.