Сайлаушылар алқасы Трампты АҚШ президенті ретінде ресми сайлады

Сайлаушылар алқасы Трампты АҚШ президенті ретінде ресми сайлады

Сайлаушылар алқасы Трампты АҚШ президенті ретінде ресми сайлады
ашық дереккөзі
Доналд Трамп Сайлаушылар алқасында АҚШ президенті ретінде ресми түрде сайланды.
Сайлаушылар 8 қарашада болған сайлау нәтижесін ресми нақтылады. Онда Трамп барлық штат бойынша көпшілік дауысты алды. Трамп үшін 304 дауыс берілді. Онда тек Техас штатының екі сайлаушысы Трампты қолдамаған. Демократ Хиллари Клинтон 227 дауыс жинады. Вашингтон штатында 4 сайлаушы-демократ Клинтонға емес, Демократиялық партияның өзге мүшесіне дауыс берген. Гавайи штатында бір дауыс Клинтонның праймериздегі қарсыласы болған Берни Сандерсқа берілген. Сайлаушылар алқасы мүшесінің жалпы саны АҚШ Конгресінің қос палатасындағы жалпы депутат санына тең - 538. Президентті сайлау үшін үміткер 270 дауыс алуы керек. Биылғы АҚШ-тағы президент сайлауы жанжалмен өтті. Демократиялық партия кеңсесіндегі компьютерлерге кибер шабуыл жасалса, бірқатар республикашыл белсенділер Трампты қолдаудан бас тартуға шақырды.