Депутаттар Алматы облысындағы мектеп құрылысымен танысты

Депутаттар Алматы облысындағы мектеп құрылысымен танысты

Депутаттар Алматы облысындағы мектеп құрылысымен танысты
ашық дереккөзі
Алматы облысына жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мақпал Тажмағамбетова мен Жанна Тельпекбаева Қонаев қаласындағы 900 орындық мектеп құрылысымен танысты. Іс-шара партияның сайлауалды жол картасында көрсетілген жоспарларды жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған. AMANAT партиясының өкілдері партияның жол картасында белгіленген міндеттерді уақтылы және сапалы атқарылуын қатаң бақылауға алған. Жаңа ғимараттың пайдалануға беру уақыты 2023 жылдың қаңтар айы деп жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 2 100 876 678.43 теңге.  Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары  50 пайызға аяқталған.
«Бұл нысанның құрылыс жұмыстарына «Еңбек» бағдарламасы арқылы 150 адам жұмысқа тартылған. Құрылыс жұмыстарына біз толықтай отандық өнімдерді қолданып жатырмыз. Нысанның құрылыс деңгейін апта сайын келіп, жергілікті халық қалаулылары бақылап отыр. Сондай-ақ ғимарат келесі жылы  толығымен пайдалануға беріледі» -  деді мердігер  Бекзат Молдабеков.
Құрылыс жұмыстарын аралап көрген Мәжіліс депутаттары бірқатар мәселелерге назар аударды.
«Мердігерлер мектепті уақытында аяқтауы тиіс. Әрине, бірінші кезекте мектептің құрылысы жоғарғы деңгейде  болса дейміз. Сонымен бірге сапалы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, барлық стандарттарға  сай болуын, яғни, құрал-жабдықтарға, зертханалардың  дұрыс орналасуына да бақылау қажет», - деді Мәжіліс депутаты Мақпал Мазаққызы.
 width= Жаңа білім нысанында балалардың сапалы білім алуына барлық жағ­дай жасалмақ. Мектепте оқу ка­бинеттерімен қатар, тех­нологияларды өңдеу шеберха­насы, спорт залы, мәжіліс залы, асхана, компьютерлік сыныптар, меди­цина кабинеті болады. Сонымен қатар, халық қалаулылары  қала әкімшілігіне  мемлекет қар­жысына салынып жатқан нысан­ның сапасына ерекше мән беруді тапсырды және сала басшыларының өтініш­теріне құлақ түріп, білім саласын­дағы мәселелерді назарға алатындарын  жеткізді. Білім мекеме­лерінде санитарлық құралдардың толық болуы мен талаптардың қатаң сақталуы керегін ескертті.