Ет неге қымбат? – Министр жауап берді

Ет неге қымбат? – Министр жауап берді

Ет неге қымбат? – Министр жауап берді
ашық дереккөзі
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев журналистердің «Қазақстанда неге ет қымбаттап жатыр?» деген сауалына жауап берді деп хабарлады turkystan.kz.   
«Кеше баға түсіп жатыр деп айтты. Көтерме баға өсіп жатқан жоқ. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өнімі бойынша қатты өсім байқалмайды, біз бағаны ұстап тұрмыз», – деді министр Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.
Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, Қазақстан қазір өзін етпен толық қамтамасыз етіп отыр. Ет бағасы үнемі өседі, бірақ қатты өсім байқалмайды.
«Кеше өткен тыңдауда депутаттар бұл мәселені талқылады. Мал өсірушілер етті сатып алу бағасының төмен екеніне шағымданады. Сондықтан біз жаңа нарық ашып, фермерлерге қолдау көрсетуіміз керек деген шешімге келдік», – деді Қарашөкеев.