Елімізде пойыз вагондарының 46%-ы тозған – министрлік

Елімізде пойыз вагондарының 46%-ы тозған – министрлік

Елімізде пойыз вагондарының 46%-ы тозған – министрлік
ашық дереккөзі
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көлік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қасым Тілепов мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.
«Соңғы 10 жылда біз 1100-ден астам жолаушылар вагонын жаңарттық. Жолаушы вагондарының орташа тозуы - шамамен 46%. Биыл тағы 73 жолаушылар вагонын сатып алуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, бизнесті, яғни, жеке тасымалдаушыларды қолдау және ынталандыру мақсатында жолаушылар тасымалын субсидиялау, жолаушы вагондарын сатып алу кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау енгізілді. Қазір швейцариялық «Штадлер» компаниясымен еуропалық стандарт бойынша жолаушы вагондарын шығару мәселесі пысықталып жатыр», - деді Қасым Тілепов.
Оның айтуынша, 2029 жылға дейін елімізде 530-дан астам вагон сатып алынады.
«Пойыздарға қатысты белгілі бір көлемде арыз-шағым барын білеміз. Сондықтан бүгінгі алаңға тасымалдаушы компаниялардың өкілдерін шақырдық. Соңғы 5 айда бізге 1000-нан астам өтініш, арыз келіп түсті. Әрбір өтініш жеке қаралып, тиісті шаралар қабылданды. Атап айтқанда, аталған 5 айда 200-ден астам вагон тексерілді, олардан 431 тәртіп бұзу фактісі анықталды. Нәтижесінде шамамен 32 млн теңге сомаға айыппұл салынды», - деді ол.