Геннадий Головкин жанкүйерлеріне үндеу жасады (ВИДЕО)

Геннадий Головкин жанкүйерлеріне үндеу жасады (ВИДЕО)

Геннадий Головкин жанкүйерлеріне үндеу жасады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
WBA Super және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль Канело Альвереспен жекпе-жек қарсаңында жанкүйерлеріне үндеу жолдады деп хабарлады turkystan.kz  
«Барша бокс жанкүйеріне, осы жекпе-жекті күтіп, уайымдап, мені қолдайтын барлық жанға алғыс айтқым келеді. Мен өз тарапымнан  бұл шынымен де керемет бокс кеші, қазіргі кездегі ең үлкен жекпе-жек және керемет шоу болатынына кепілдік бере аламын. Сіздерге ұнауы үшін бәрін жасаймыз», – деді GGG Instagram-да жарияланған видеода.
Қазақстандық спортшы видеоға үш тілде сипаттама жазды: «Very grateful for all your support! Барша қолдауларыңызға мың алғыс! Благодарен за всю вашу поддержку!» Головкин мен «Канелоның» үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте екінші орта салмақта өтеді. Кездесу Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да болады. Алдыңғы екі жекпе-жек те осында өткен. Біріншісі кездесу даулы тең нәтижемен аяқталды, ал екіншіде төрешілердің шешімімен мексикалық жеңіске жетті. Бұған дейін спортшылар баспасөз конференциясында көз арбасқан еді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing)