«Отандастар қоры» КЕАҚ және Түркі тілдес елдердің мәдениеті мен өнерін дамыту жөніндегі халықаралық ұйыммен (ТҮРІКСОЙ) екіжақты ынтымақтастық Меморандумына қол қойды деп хабарлады turkystan.kz. Аталған Меморандумда қазақ диаспорасымен байланысты мәдени іс-шаралар, жобалар мен бағдарламалар жасауға, өнер фестивальдарын, көрмелер, ұлттық мейрамдарды бірлесе ұйымдастыру жөнінде келісімдер бар. Меморандумға Қор басшысы Абзал Сапарбекұлы және ТҮРІКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев қол қойды.
Жүктелуде...