Қаңтар оқиғасынан кейінгі азаптаудан 6 адам қаза болған

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Мәжіліс кулуарында журналистерге қаңтар оқиғасына қатысты анықталған соңғы жаңалықтарды айтты деп хабарлады turkystan.kz.   

«Ресми мәлімет бойынша, қаңтар оқиғасында 232 адам, ал одан кейінгі азаптаулардан 6 адам қаза тапты. Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр. Сондықтан қаза тапқандардың аты-жөні тергеу амалдары аяқталғаннан кейін жарияланады», – деді Әсет Шындалиев. 

Журналистердің «Шынымен 232 адамның тізімі белгілі ме?» деген сұрағына:

«Енді тергеу жүргізіп жатсақ, біз білетін шығармыз», – деп жауап берді прокурордың орынбасары.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button