Павлодар облысында жол апаты болып, көлік ішінде бір адам жанып кетті деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға Нұр-Сұлтан - Павлодар тасжолында Пограничник пен Спутник ауылдарының арасында болған. Екі көлік соқтығысып, салдарынан бір көлік өртенген. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апатында 3 адам зардап шеккен.
«1987 жылғы ер адам омыртқа сүйегінің сынуы диагнозымен, 1999 жылғы ер адам жабық бас сүйек-ми зақымы мен беті жыртылып, Павлодар қаласының №1 ауруханасына жеткізілді», – деді басқарма өкілдері.Ал, үшінші адам кім екені анықталмады.
«Үшінші адам - «Индрайвер» қосымшасымен көлікке отырған жолаушы. Ол адамда биологиялық өлім анықталды. Толығымен жанып кеткендіктен кім екенін анықтау мүмкін болмады», – деді ведомство өкілдері.Жол апаты болған жерге жедел жәрдемнің екі тобы шығып, қызмет көрсетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram