Роналду «Манчестер Юнайтедте» қала ма?

Роналду «Манчестер Юнайтедте» қала ма?

Роналду «Манчестер Юнайтедте» қала ма?
ашық дереккөзі
«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналду «Олд Траффордтан» кетпеуі мүмкін  деп хабарлады turkystan.kz ESPN телеарнасына сілтеме жасап.  Аталған телеарнаның мәліметінше, клуб өкілдері футболшыны жазда жібергісі жоқ. «Қызыл сойқандардың» жаңа бас бапкері Эрик тен Хаг та шабуылшының командада ойнағанын қалайды. Роналду да тілшілерге берген сұхбатында спорттық мансабының қалған жылдарында Чемпиондар лигасында ойнағысы келетінін айтқан. Осы уақытқа дейін бірде-бір келісімшартқа қол қоймаған ол  «Манчестер Юнайтедтің» болашағына күмәнданмен қарайтынын да жеткізді. Алайда Каррингтонда маусым алдындағы жаттығудың бірінші күнін өткізетін жаңа менеджер Эрик тен Хаг келесі маусымда Роналду команда құрамында болады деп үміттенеді.