Канело: «Головкинді нокаутқа жіберемін»­

Канело: «Головкинді нокаутқа жіберемін»­

Канело: «Головкинді нокаутқа жіберемін»­
ашық дереккөзі
Төрт салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес 18 қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші айқасы нокаутпен аяқталатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz. 
«Бізді жақсы жекпе-жек күтіп тұр. Головкин –  мықты әрі қауіпті қарсылас. Бірақ мен оны нокаутқа жіберемін деп ойлаймын, оған еш күмән жоқ. Рингке оралатын күнді асыға күтіп жүрмін. Бар күшімді салып жаттығып жатырмын. Нокаут – бұл айқастың жалғыз мүмкін нәтижесі», – деді Сауль Альварес журналистермен кездесуде. 
Еске салайық, Канело мен Геннадий Головкиннің бірінші айқасы 2017 жылы өтіп, тең нәтижемен аяқталды. Рематч 2018 жылы болды және онда Альварес төрешілердің басым даусымен жеңіске жетті.