Пәтердегі тұрғындарды банк қосымшасы арқылы тіркеуден шығаруға болады

Пәтердегі тұрғындарды банк қосымшасы арқылы тіркеуден шығаруға болады

Пәтердегі тұрғындарды банк қосымшасы арқылы тіркеуден шығаруға болады
ашық дереккөзі
Банк қосымшасына пәтердегі тұрғындарды тіркеуден шығару қызметі енгізілмек. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.    «Енді бір баспанада тіркелген адамдардың санын Halyk Homebank қосымшасы арқылы тексеруге болады. Сонымен қатар аталған қосымшада пәтердегі тұрғындарды тіркеуден шығару мүмкіндігі қарастырылады», – деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен отырыста. Атап айтқанда, бұл қызмет «тіркеуден шығару» бөлімінде іске қосылады. Осы қызмет түрі тек Қазақстан азаматарына, яғни жылжымайтын мүлік иелеріне арналған. Жаңа қызмет цифрлық банк мүмкіндіктерін кеңейту аясында Ішкі істер министрлігінің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдау жасауы арқылы енгізіліп жатыр.