Танымал инсайдер, агент және менеджер Рик Глейзер қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес трилогиядан қанша пайда көретінін айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Канело-GGG жекпе-жегі Спенс-Кроуфорд жекпе-жегінен әлдеқайда ауқымды. Канело-GGG жекпе-жегінің бүкіл әлем бойынша табысы көп болады. Сондықтан бұл екеуінің жекпе-жегі жалпы алғанда 80 миллион доллар табуға кепілдік береді», - деді бокс агенті Рик Глейзер.Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.