50192
Әлем чемпионатында АҚШ спортшысы суға батып кетті
Әлем чемпионатында АҚШ спортшысы суға батып кетті
Будапеште өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионаты кезінде АҚШ құрамасының спортшысы бассейнде есінен танып қалды. Оны жаттықтырушысы құтқарды деп хабарлады turkystan.kz NBC News басылымына сілтеме жасап.
Екі дүркін Олимпиада чемпионы, 25 жастағы Анита Альварес еркін бағдарламасын аяқтағаннан кейін, кенеттен есінен танып, бассейн түбіне батып кетті. Бұған дейін Испания командасының құрамында синхронды жүзуден Олимпиадада төрт рет жүлде алған АҚШ құрамасының жаттықтырушысы Андреа Фуэнтес спортшыны құтқару үшін суға секірді. Көп өтпей ол Альваресті бассейннен алып шықты.
Анитаға дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Фуэнтестің айтуынша, Альварестің денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Дәрігерлер оның жүрек соғу жиілігін, оттегі мен қант деңгейін, қан қысымын және басқа да маңызды көрсеткіштерін тексерген.
Фуэнтес Испанияның «Marca» газетіне берген сұхбатында құтқарушылардың ешқайсысы әрекет етпегендіктен, суға секіргенін айтты.