Елімізде күнбағыс майы 20 пайызға қымбаттады

Елімізде күнбағыс майы 20 пайызға қымбаттады

Елімізде күнбағыс майы 20 пайызға қымбаттады
ашық дереккөзі
Қазақстанда  қаңтар-мамыр айларында күнбағыс майын өндіру 197,3 мың тоннаны құрады деп хабарлады turkystan.kz Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.  Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,6%-ға артық. Оның ішінде тазартылмаған күнбағыс майы131,4 мың тоннаны құрады. Аталмыш көрсеткіш өткен жылдың қаңтар–мамыр айларымен салыстырғанда 61,3%-ға артық. Тазартылған күнбағыс майына тиісінше 65,9 мың тонна болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,9%-ға аз.
«Отандық кәсіпорындар 2022 жылғы қаңтар–сәуірде күнбағыс майына сұранысты 83,5 пайызға қамтамасыз етті. Осы кезеңде өндіріс көлемі 149,1 мың тоннаны құрады. Сонымен қатар  66,3 мың күнбағыс майы экспортталды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 71,3 пайызға көп. Нәтижесінде ішкі нарықта 112,2 мың тонна күнбағыс майы сатылды, бұл 2021 жылғы қаңтар–сәуір айларымен салыстырғанда 0,6 пайызға артық. Ағымдағы жылдың мамыр айында елімізде күнбағыс майының орташа бағасы бір литр үшін 808 теңгені құрады», - делінген хабарламада.
Күнбағыс майына ең жоғары бағада Атырау, Алматы, Ақтауда қалаларында сатылса, төмен баға Семей, Петропавл және Өскемен қалаларында кездеседі. Айта кетсек, Ауыл шаруашылығы министрлігі бағаны тұрақтандыру және секторда тапшылықтың туындауын болдырмау үшін 2022 жылғы 31 тамызға дейін елімізден күнбағыс майын әкетуге шектеулер енгізді. Ағымдағы жылдың маусым–тамыз айларында күнбағыс майын әкетуге арналған квотаның мөлшері 68 мың тоннаны құрайды. Бұл ретте квотаның қолданылу кезеңіне бір өтініш беруші үшін жол берілетін ай сайынғы лимит белгіленеді, ол жиынтығында 6 мың тоннадан аспайды.