Михаил Кукушкин Уимблдонда іріктеу сайысының финалына шықты

Михаил Кукушкин Уимблдонда іріктеу сайысының финалына шықты

Михаил Кукушкин Уимблдонда іріктеу сайысының финалына шықты
ашық дереккөзі
Әлемнің 160-ракеткасы, қазақстандық Михаил Кукушкин Уимблдон турнирі іріктеу сайыстарының финалына шықты деп хабарлады turkystan.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кукушкин іріктеу сайыстарының жартылай финалында дүниежүзілік рейтингте 230-орында тұрған германиялық, 38 жастағы Филипп Кольшрайбермен күш сынасты. Бірінші партияда тай-брейкте германиялық спортшы сәтті ойнады – 7:6 (7:4). Есесіне екінші сетте қазақстандық теннисші қарымта қайырды – 6:3. Үшінші, шешуші партияда ол 2:0 есебімен алға кетті. Есеп 5:2 болып, матчқа доп бергенде, қазақстандық теннисші сол мүмкіндігін пайдалана алмады. Дегенмен содан соң мақсатына жете білді – 6:4. Екі сағат 20 минутқа созылған бәсеке барысында Михаил 4 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Қарсыласы 8 эйс, 2 брейкпен көзге түсті. Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 178-ракеткасы, мажарстандық Жомбор Пирошпен кездеседі. Оны жеңсе, биылғы үшінші «Үлкен дулыға» жарысына жолдама алады.