сенбі, 19 сәуір, 2025

АҚШ-та жолаушылар ұшағы өртенді

/
АҚШ-та жолаушылар ұшағы өртенді
ашық дереккөзі
АҚШ-та жолаушылар ұшағы өртенді Майами халықаралық әуежейында жолаушылар ұшағы өртенді деп хабарлады turkystan.kz. Әуе көлігінің бортында 126 адам болған. Оқиғадан 3 адам жарақат алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Санто-Домингодан шыққан Red Air ұшағы жерге қонған кезде өртене бастаған. Жолаушылардың барлығы дер кезінде терминалға эвакуацияланды. Өрт уақтылы ауыздықталды. Әзірге апатқа нақты не себеп болғаны белгісіз.
Бөлісу: