«Шенеунік» сөзі жағымсыз ұғымға айналып барады» – Президент

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтай отырысында айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«Жалпы, мемлекеттік қызметшілерді қолынан түк келмейді деп кемсітуді доғару керек. Тіпті, оларды «Халық жаулары» сияқты көретіндер де бар. «Шенеунік» деген сөз жағымсыз ұғымға айналып барады. Бұл – дұрыс емес. Мемлекеттік қызметте адал әрі білікті кадрлар өте көп. Олар Отанымыздың игілігі жолында тынбай еңбек етіп жүр. Бірақ, өкінішке қарай, «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деген де бар. Ондай адамдармен біз бірден қоштасып жатырмыз. Болашақта да солай болады», – деді Мемлекет басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button