Qurultay деген мобильді қосымша жасау керек – Тоқаев

Qurultay деген мобильді қосымша жасау керек – Тоқаев

Qurultay деген мобильді қосымша жасау керек – Тоқаев
ашық дереккөзі
Ұлытаудағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтайдың электронды нұсқасын әзірлеуді ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.
«Құрылтайға қанша адам кірсе де, қоғамды толық қамти алмайды деген пікір айтылып жүр. Бірақ, Құрылтай мүшелерін көбейте берсек, одан пайда болмайды. Бұдан жұмыстың берекесі қашып, ұйымдастыру ісі қиындап кетуі мүмкін. Құрылтай – белгілі бір адамдар ғана бас қосатын жер емес. Ол, шын мәнінде, жалпыұлттық жиынға айналуы керек», – деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда, Президент жаңа цифрлық технологияның мүмкіндігін кеңінен пайдалану қажеттігін атап өтті. Бұл мемлекет пен халық қарым-қатынасы үшін барынша тиімді жол болмақ.
«Мен Qurultay деген арнайы мобильді қосымша әзірлеуді ұсынамын. Сол арқылы халық елді жаңғырту туралы ой-пікірін онлайн режимде айта алады. Жұрт реформаның нақты пайдасын көруі қажет. Сондай-ақ, оған тікелей қатысуға мүмкіндігі болуы керек. Азаматтар өзекті мәселелер бойынша интерактивті сауалнамаға қатысады. Кез-келген түйткілді шешу жолын ұсынып, елімізді жаңғыртуға өз үлесін қоса алады», – деді ол Құрылтай отырысында.
Сондай-ақ  Президент дамыған мемлекеттер тәжірибелерін ескеріп, ғаламдық өркениет көшінен қалып қоймауымыз қажеттігін де жеткізді. Оның сөзінше, Qurultay сияқты мобильді қосымша – цифрлық демократияны дамытатын технологиялық платформа негіздерінің бірі.