Грузияда маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді деп хабарлады turkystan.kz. «Зертханалық сынақ нәтижесі маймыл шешегінің вирусын растады. Науқас вирустық аурудың жеңіл түріне шалдыққан, тиісті емнен кейін үйіне шығарылды», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. Министрліктің хабарлауынша, науқас Еуропаға саяхаттаған. Қазіргі уақытта онымен байланыста болған адамдар бақылауға алынды. Алайда олардың бірде-біреуінен ауру белгілері байқалған жоқ.
Жүктелуде...