«Майонезге» құмар күдіктінің сыры ашылды

«Майонезге» құмар күдіктінің сыры ашылды

«Майонезге» құмар күдіктінің сыры ашылды
ашық дереккөзі
Атыраудағы абақтылардың біріне ерекше әдіспен есірткіге ұқсас зат жібермек болған азамат ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. Бүгін Атырадағы УГ-157/1 мекемесінде қамауда отырған күдікті А.Д.Ж-ға азамат Т.Ж.Н-ы сәлем-сауқат әкелген. Ол қамаудағы танысына 2 дана «Ряба» майонезін жібермек болған. Бірақ тексеру кезінде майонездің ішінен фальгага оралған, өзіне тән иісі бар жасыл түсті шөпке ұқсас зат тәркіленді.
«Мән-жайды анықтау мақсатында Атырау қалалық Полиция басқармасының жедел–тергеу тобы шақыртылып, тәркіленген заттар сот химиялық сараптамасына жолданды» деп жазылған хабарламада.
Осылайша тәртіп бұзушылық күзет және режим бөлімінің қырағы қызметкері А.Рахмановтың жұмысына тиянақтылығының арқасында тәртіп бұзушылық дер кезінде анықталған.