Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты финалдық сатысында бақ сынайтын барлық құрама анықталды деп хабарлады turkystan.kz. Қараша айының 21-і мен желтоқсанның 18-і аралығында Катарда өтетін әлем чемпионатына қатысатын футбол құрамалары белгілі болды. Бес құрлықтан іріктелген мемлекеттер Азияда өтетін, жаһан жанкүйерлері күткен додада бақ сынайтын болады. A тобы: Катар, Эквадор, Сенегал, Нидерланды; B тобы: Англия, Иран, АҚШ, Уэльс; C тобы: Аргентина, Сауд Арабиясы, Мексика, Польша; D тобы: Франция, Дания, Тунис, Австралия; Е тобы: Испания, Германия, Жапония, Коста-Рика; F тобы: Бельгия, Канада, Марокко, Хорватия; G тобы: Бразилия, Сербия, Швейцария, Камерун; H тобы: Португалия, Гана, Уругвай, Оңтүстік Корея. Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Австралия құрамасы әлем чемпионатына жолдама алған. Әлем чемпионаты 2002 жылдан кейін Азия құрлығына қайта оралып отыр.
Жүктелуде...