Украинадағы үнді студенттері Қазақстанға ауыстырылуы мүмкін

Украинадағы үнді студенттері Қазақстанға ауыстырылуы мүмкін

Украинадағы үнді студенттері Қазақстанға ауыстырылуы мүмкін
ашық дереккөзі
Бұл туралы Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үндістан сыртқы істер және мәдениет министрі Минакши Лекхимен кездесу барысында айтты деп хабарлады turkystan.kz. Басқосуда тараптар денсаулық сақтау саласындағы перспективалы бағыттар бойынша, атап айтқанда, Қазақстан аумағында фармацевтикалық өндірісті оқшаулау бойынша серіктестікті жандандыруға өзара қызығушылық танытты.  width=
«Қазақстанда фармацевтикалық нарықтағы отандық өндіріс үлесін 2025 жылға дейін 50 пайызға дейін жеткізу міндеті қойылған», – деді Ажар Ғиният.
Кездесу соңында тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды ескере отырып, денсаулық сақтау саласындағы әріптестік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және дамытуға дайын екенін білдірді. Сондай-ақ министрдің айтуынша, Қазақстанның медицина университеттері Украинадағы үнді студенттерін қабылдауға сақадай сай.
«Үндістан үкіметі бізге ресми жүгінді. Кеше елімізге Үндістанның сыртқы істер және мәдениет министрі Минакши Лекхи келді. Кездесуде Украинада 20 мыңнан астам студенттің білім ала алмай қалғаны туралы мәселе көтерілді және бізден көмек сұрады. Жалпы, біздің университеттер көмек көрсетуге, шамамен 200 студентті қабылдауға дайын», – деді Ажар Ғиният Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.