«Үш күн сайын футбол ойнау ауыр екен» – Абат Айымбетов

«Үш күн сайын футбол ойнау ауыр екен» – Абат Айымбетов

«Үш күн сайын футбол ойнау ауыр екен» – Абат Айымбетов
ашық дереккөзі
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Ұлттар лигасы аясында Словакиямен болатын матч алдында баспасөз мәслихатына қатысты деп хабарлады turkystan.kz. ҚФФ баспасөз мәслихаты кезінде Абат Айымбетовке қойылған сұрақтарды және оның жауаптарын жариялады.  – Үш күн сайын матч өткізу ойыншыларға қалай әсер етуде?  – Қиынға соғуда. Бірақ амалымыз қанша, шыдауға тура келеді. Ендігі болатын ойынға деген дайындық жақсы. Соңғы матчты жеңіспен аяқтауға тырысамыз. – Соққан голдарыңыздан кейін жанкүйерлер сізді Роналдуға теңеуде.  – Әрине, Бензема, Роналду секілді ойыншылармен салыстырғаны жақсы әсер сыйлайды. Бірақ мен Аралдан шыққан Айымбетовпін. Бір күні сондай футболшы боламын деген үміттемін. – Қазақстан біріншілігі бел ортасына келді, ал Словакияда чемпионат аяқталып жатыр. Бұл біздің команда үшін артықшылық па?  – Мұны ертеңгі ойын көрсетеді деп ойлаймын.