Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалсын», - делінген хабарламада.1981 жылы 18 мамырда Семей қаласында дүниеге келген. 2022 жылдың ақпанынан бері Мәжіліс депутаты. Қазақ, орыс, ағылшын, түрік, итальян, испан, жапон және латын тілдерінде сөйлейді.