Жаңа Қазақстанның мақсаты – халықтың пікірімен санасу – Ғалымжан Елшібай

Жаңа Қазақстанның мақсаты – халықтың пікірімен санасу – Ғалымжан Елшібай

Жаңа Қазақстанның мақсаты – халықтың пікірімен санасу – Ғалымжан Елшібай
ашық дереккөзі
50308
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша өткен референдумға қатысты пікірін білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
 «Осы жолғы өзгерістердің қай-қайсысын да жеңіл-желпі  деп қарауға болмайды. Президенттің туыстарына басшылық қызметтерді атқаруына заңмен тыйым салуды өз басым үлкен өзгеріс деп қабылдадым. Себебі соңғы жылдары ТМД елдерінде президенттік билікті әкеден балаға мұраға қалдырудың үрдіске айнала бастағанын мойындау керек. Осы «тәжірибелерден» байқағандай,  Президент ұлын немесе жақын туысын билікке көшеден әкеліп қоя салмайды. Оны алдымен түрлі баспалдақтар арқылы өсіреді. Өңірдің басшысы, министр, вице-премьер, одан кейін Парламент палатасының төрағасы, Премьер-минстр сияқты қызметтерді жүктейді. Осыдан кейін барып, президенттік креслоға отырғызады. Конституцияға енгізілген өзгерістерден кейін енді бізде Президенттің туыстарына басшылық қызмет атқаруына тыйым салынды. Яғни, жоғарыдағы «тәжірибенің», билікті ықпалды топтардың иеленіп кетуінің жолы кесілді деп айтуға толық негіз бар», –  деді Ғалымжан Қамытбекұлы.
Мәслихат депутатының айтуынша, Жаңа Қазақстанның негізгі мақсат-мүддесі әр уақытта халықтың пікірімен санасу, барлық мәселені халықпен талқылау, өзгерістерді бірге жасау деп есептейді.
«5 маусымдағы референдум арқылы елдің басты құжаты – Ата Заңның 33 бабына өзгерістер енгізілді. Бұл дегеніңіз, Конституцияның үштен бірін құрайды. Осы мәліметтің өзінен-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан Конституциялық реформаның маңыздылығын байқай беріңіз. Қазақстанда референдум заңда көзделгенімен, Тәуелсіз Қазақстанның тарихында ол тек осыдан 27 жыл бұрын қазіргі Конституция қабылданар кезде өткізілген», – деді Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғалымжан Елшібай.
Іңкәр Серікқызы

Серіктес жаңалықтары