Түркістан облысындағы ақылы жолда бетон плиталар көтеріліп кеткен (ВИДЕО)

Түркістан облысындағы ақылы жолда бетон плиталар көтеріліп кеткен (ВИДЕО)

Түркістан облысындағы ақылы жолда бетон плиталар көтеріліп кеткен (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50321
Қызылорда-Шымкент ақылы тас жолында бетон плиталар ыстыққа шыдамай көтеріліп кеткен. Оқиға 8 маусымда болған деп хабарлады turkystan.kz. Көлік жүргізушілері Төрткөл ауылының маңында жолдың асфальт-бетон жабындысының көтеріліп кеткенін байқаған. Бұдан кейін жеңіл және жүк көліктері жолдың шетімен жүруге мәжбүр болған. «Қазавтожолда» оқиғаның Самара-Шымкент республикалық жолының бір бөлігінде болғанын мәлімдеді. 8 маусымда аймақта ауа температурасы 45 градусқа дейін көтерілген.
«17:00 шамасында ыстық ауа температурасы салдарынан цементбетон плиталар көтерілді. Қазір плиталар қалпына келтірілген. «ШымкентДорСтрой» мердігер компаниясы уақытша қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Тас-құм қоспасы себіліп, асфальт-бетон жабындысы төселді. Жұмысқа 10 адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылды», – деді компания өкілдері.
Сонымен қатар сәйкес жол белгілері орнатылған. Аймақта патруль полициялары жұмыс істейді.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от @kris.p.taraz +21TARAZ🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.taraz)

Серіктес жаңалықтары