AMANAT партиясы: өңірдегі жұрттың өтініші орындалып жатыр

AMANAT партиясы: өңірдегі жұрттың өтініші орындалып жатыр

AMANAT партиясы: өңірдегі жұрттың өтініші орындалып жатыр
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы, AMANAT партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партияны модернизациялауды тапсырған болатын. Соған сәйкес, партияны қайта жаңғырту бағдарламасы аясында шалғайдағы елді мекендерде мобильді қоғамдық қабылдау жобасы басталды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл бастаманың мақсаты — ауыл тұрғындарын аудан орталықтарына сабылтпай, керісінше басшыларды ауылдарға жіберіп, елдің мұң-мұқтажын тыңдату, көмектесу. AMANAT партиясы шалғай ауылдардың тұрғындарын мобильді қабылдауға кіріскен. Осы мақсатпен 2022 жылдың 20 сәуірінде AMANAT партиясының Қостанай облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бибігүл Ақкужина, облыстық мәслихат депутаты Мәди Ихтиляпов, Қостанай облысы басқарма бөлімдерінің басшылары мен жауапты мамандары Науырзым ауданы Буревестник ауылына барған еді. Кездесу барысында өзекті мәселелер талқыланды.  AMANAT Осы кездесу барысында Буревестник ауылының ФАП фельдшері Галина Запасная өзінің қарамағындағы Надежда Дворакқа ІІІ топтағы мүгедек жанға арнайы арбаның керектігін, өз бетімен еркін қозғала алмайтының жеткізген болатын. Осы сұрақтың шешімі ретінде облыстық мәслихат депутаты Мәди Ихтиляпов мүгедек арбасын алып беретінін айтқан еді. Айтса айтқандай ақ, көп күттірмей облыстық мәслихат депутаты Мәди Ихтиляпов жоғарыда аталған осал санаттағы жанға Қостанай қаласынан арнайы мүгедек арбасын алып берді. Мүгедек арбасын Буревестник ауылының әкімі Азамат Дадев ауылға жеткізіп, ауылдың ФАП фельдшері Галина Запасная мен Буревестник ауылдық округінің бас маманы Елена Ганинамен бірге көптен бері асыға күтіп отырған Надежда Дворакқа табыс етті.
- Бүгін менің қарамағымдағы емделушім үшін қуанышты күн десем, артық емес. Себебі, көптен бері осындай арбашаны қажет етіп жүр еді. Алдында ауылымызға келген делегаттарға өз өтінішімді айтып едім. Бірақ, дәл осылай тез арада шешіліп қалады деп ойламадым. Осы орайда, облыстық мәслихат депутаты Мәди Өмірзақұлына өз атымнан және Надежда Дворактың атынан шынайы алғысымызды білдереміз, - деді Галина Запасная.
Одан бөлек, көшпелі қабылдауға жүгінген  Гребнева Наталья Александровна есімді тұрғынның шатырын жөндеу жөніндегі өтініші де орындаусыз қалмады. Депутат қабылдау кезінде берген сөзінде тұрып, жалғызбасты ананың  үйіне жаңа шатыр жауып берді. Атап өтсек, мобильді қоғамдық қабылдау арқылы өңірдің барлық шалғай елді мекені тұрғындарының өтініші тыңдалды. Тұрғындар көтерген әрбір мәселе жіті бақылауға алынып, тиісті органдар арқылы оңтайлы шешілуіне дейін партия филиалының назарында болады.