Елімізде өткен тәулікте 17 адамның коронавируспен ауырғаны ПТР арқылы расталды деп хабарлады turkystan.kz коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 9, Алматы қаласында - 3, Жамбыл облысында – 1, Павлодар облысында - 4, Жалпы, ел бойынша ауырғандар саны - 1 305 815. Қазақстанда бір тәулікте 10 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Алматы қаласында – 6. Жалпы, пандемия басталғалы елімізде 1 292 056 адам сауығып шықты.
Жүктелуде...