Индонезияда Қазақстан мен Димашқа арналған көрме өтеді

Индонезияда Қазақстан мен Димашқа арналған көрме өтеді

Индонезияда Қазақстан мен Димашқа арналған көрме өтеді
ашық дереккөзі
Джакартадағы Индонезия Республикасының Ұлттық кітапханасында «Димаш: Қазақстанның алтын дауысы» атты көрме өтеді деп хабарлады  turkystan.kz dimashnews.com сайтына сілтеме жасап. 29 маусым мен 8 шілде аралығында өтетін іс-шараны Димаш Құдайбергеннің индонезиялық фан-клубы Қазақстан Республикасының Индонезиядағы Елшілігімен және Индонезия Республикасының Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды. Бұл іс-шара индонезиялықтардың көпшілігіне еліміздің мәдениетімен және Димаштың дауысымен танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, екі ел арасындағы достықты нығайтады. Көрмеде Қазақстанның керемет сұлу табиғатының фотосуреттері, сондай-ақ жергілікті индонезиялық суретшілер жасаған түрлі өнер туындылары ұсынылады. Сонымен қатар көрменің бірінші күні кітапхананың бас залында Димаштың концерттерінің бірінің көрсетілімі өтеді.